$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда кәріз жүйесін жөндеп жатқан коммуналдық қызмет жұмысшысы қаза тапты

Қайғылы оқиға 11.00 кезінде 1 мая және Ломов көшелерінің қиылысында болған.

Жігіт жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқанда, құбыр жарылып кетіп, қатты су ағыны жұмысшыны алып кетеді. Ол оқиға орнында қаза болды. 

Павлодарда кәріз жүйесін жөндеп жатқан коммуналдық қызмет жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті Sputnik Қазақстанға.

Қайғылы оқиға 11.00 кезінде 1 мая және Ломов көшелерінің қиылысында болған. Марқұмның әріптестері хабарлағандай, жұмыс кезінде қатты қысымнан құбыр жарылып, кәріз суының қатты ағыны 22 жастағы жұмысшыны алып кетіпті.

Басқа жұмысшылар жігітті ес-түссіз күйінде алып шығып, тез арада жедел жәрдем шақырады. Оған алғашқы көмек көрсетілгенімен, Ақсу қаласының тумасы сол жерде жан тапсырды.

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар