$ 494.87  520.65  4.91

9-сынып оқушысы 1 оқитын баланы қағып кетті

Полицейлер ата-аналардан кәмелет жасқа толмаған балалардың көлікке отырмауын қадағалауды сұрайды.

10 қыркүйек күні сағат 20:10-да Қобда ауылында кәмелет жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі – 9-сынып оқушысы бірінші сынып оқушысын қағып кетті. 

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Әбілхайыр көшесіндегі 41 үйдің жанында бірінші сынып оқушысын қағып кетті. Салдарынан оқушы жарақат алып, Қобда ауданының орталық ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.   

Полицейлер ата-аналардан кәмелет жасқа толмаған  балалардың көлікке отырмауын қадағалауды сұрайды.

Дереккөз: BAQ:KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары