$ 494.87  520.65  4.91

Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз отанында өтеуі үшін сауал жолдауға құқылымыз - Бас прокуратура

Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша үкімге шағым түсірілгенін атап өтті.

Егер Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айыптау үкімі шықса, Қазақстан қызды жазасын өз отанында өтеу үшін елге қайтару туралы сауал жолдайды. Бұл туралы бүгін бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша үкімге шағым түсірілгенін атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды қайтару туралы екіжақты келісім бар. Біз Қытайдың сот төрелігінің соңғы шешімін күтеміз. Егер оны ақтаса, бұл өте жақсы болады. Егер соттап жіберсе, Ақжарқын да, біз де жазасын одан әрі өз отанында өтеу туралы сауал жолдауға құқылымыз», - деді ол мәжіліс кулуарында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын. Президент Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары