$ 494.87  520.65  4.91

Қытай жобаларына қарсы шыққан еліміздің азаматтары қамауға алынды

9 адам он күнге, бір адам бес күнге әкімшілік қамауға алынса, 3 адамға айыппұл салынған.

«Qaharman» адам құқығын қорғау бастамасы Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акцияларға қатысқан 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын twitter- де жария етті.

Тізімге қарағанда, 9 адам он күнге, бір адам бес күнге әкімшілік қамауға алынса, 3 адамға айыппұл салынған. Сондай-ақ, астаналық белсенді Болатбек Біләлов 4 қыркүйекте Жаңаөзен қаласындағы Қытай жобаларына қарсы шыққандарды қолдау акциясына қатысқандарды қолдауға шыққаны үшін 10 күнге қамалғаны туралы Arasha.kz жазды.

Елдегі Қытай жобаларына қарсы шыққан азаматтарды қудалау, әкімшілік жазаға тарту президент Тоқаевтың Қытайға ресми сапарынан кейін болып отыр. Қыркүйек айының басынан бері бірнеше қалада Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акциялар өтті. Сол тұста вице-прьемер Жеңіс Қасымбек Қытайдың Қазақстандағы 55 зауыт салу жобасына түсініктеме берген еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары