$ 495.2  522.34  4.94

107 келі тонды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды (ВИДЕО)

Кеден тауарының сомасы шамамен 12 миллион 140 мың теңгені құрайды.

Қазақстан-Қытай шекарасында заңсыз тон алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«17 қыркүйек «Алтынкөл» кеден бекетінде сағат шамамен 17:30-да ҚХР шекарасынан шығып бара жатқан Қазақстан азаматынан белгіленген нысанда мәлімделмеген аң терісінен жасалған тондар тәркіленді. Яғни 361 құндыз тоны. Кеден тауарының сомасы шамамен 12 миллион 140 мың теңгені құрайды. Төленбеген кеден салығы 2 миллион 90 мың теңге», - деді кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов. 

Тонның жалпы салмағы 107 келіні құрады. Қазіргі уақытта тондар уақытша сақтау қоймасына жөнелтілген. Кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жайы қаралуда.Қазақстандық Қытайдан құндыз тонының ірі партиясын алып өтпек болған. «Қорғас» халықаралық шекара ынтымақтастығы бақылау-өткізу бекетінде кеденшілер құндыз тонның ірі партиясын тәркілеген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#заңсыз тауар