$ 495.2  522.34  4.94

Енесін балғамен ұрып өлтірген: Түркістан облысының тәртіп сақшылары келінді ұстады

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне хабарласқан ер адам көрші үйдің асханасында үй иесінің мәйіті жатқанын айтқан.

Түркістан облысында келіні енесін балғамен ұрып өлтірді. Қылмыстық оқиға Созақ ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне хабарласқан ер адам көрші үйдің асханасында үй иесінің мәйіті жатқанын айтқан. Аталған қылмысты ашу үшін Түркістан облыстық департаментінің тәжірибелі полицейлерінен құралған арнайы топ келген. Криминалистер әйелдің өлімі басының аумағына ауыр затпен соққы алуының салдарынан болғанын анықтаған. Полицейлер сондай-ақ, үйдің сырты кілтпен құлыпталғанын байқап, қылмысты жақын адамдардың бірі жасады деген ойға келген. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында енесін өлтірген келіні екені анықталды. Ауыр қылмысты бір тәулік ішінде ашқан тәртіп сақшылары көрші ауылда тұратын келіннің қолына кісен салып, алып кетті. 

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер күдіктіні өзінің үйінен, яғни отбасымен тұратын мекен жайдан ұстады. Күдікті әйел қамауда. Өзінің кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде балға тәркіленіп алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеушілер өлімнің себебін және оқиғаның толық мән-жайын анықтауда» - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары