$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында цифрландыру бойынша 1 млрд. 484 млн. теңге игерілді

Павлодар облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд 484 млн теңге игерілді.

Павлодар облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд 484 млн теңге игерілді.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, аталған қаражат өңірдегі барлық салаларға бағытталған. Оның ішінде білім беру саласына – 390 млн. теңге, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласына 890 млн. теңге, көлік саласына 203,5 млн теңге бөлінген.

«Медицина саласын цифрландыру денсаулық сақтау ұйымдарының жеке қаржысы есебінен жүргізіледі. Павлодар өңірінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы соңғы жылдары қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен, биыл «Ақылды қала» стандарты бекітілді. Ол өз кезегінде 11 бағытты қамтып отыр», – дейді Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Азатбеков.

Оның сөзінше, цифрландыру жұмыстары экология, туризм, құрылыс, инклюзивті қоғамдағы өмір, қаланы басқару, ауыл шаруашылығы сынды салаларда жүргізілетін болады. Ал қазіргі таңда білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, транспорт және қауіпсіздік салаларында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Осыған байланысты, өткен жылы Жол картасы бекітіліп, жауапты салалық басқармалар, қала және аудан әкімдіктері таңдалған.

Аталған жобаларды енгізуде экономикалық тиімділік 618 млн. теңгеге жеткен. Оның 548 млн. теңгесі медицина саласына, ал 42 млн теңге тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласына тиесілі. 

Айта кетсек, аталған жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатыр. Жобаның басты мақсаты – ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін артыра отырып, ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. Сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ашық әрі қолжетімді ету. Аталған жоба негізгі 4 бағыт бойынша іске асып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары