Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс қарсаңында ұлы ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Елордада жарық көрген басылымның авторы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев.
«Мен Сакен ағаға арналған кітапты бұрыннан шығарғым келген. Ақырында осы ойымның сәті түсті. «Сәкен» кітабы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ұлы ақын және жазушымыздың мерейтойына 1000 дана таралыммен жарық көрді. Басылым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Сәкен Сейфуллин туралы мақалалар мен ғылыми материалдар бар. Әрі қарай белгілі және жас авторлардың Сәкен туралы өлеңдері бар. Үшінші бөлімде Сәкен Сейфуллиннің шығармалары ұсынылған. Тираждың бір бөлігі кітапханаларға түседі», - деді Аманжол Әлтаев баспасөз мәслихатында.
Халықаралық айтыс Қарағанды облысы әкімдігі мен NurOtan партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында өткізіледі. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген 18 ақын сахна төрінде өз әндерін орындайды.
Ұйымдастырушылар өте мықты ақындар жиналғанын, қатысушылар арасында жас таланттар бар екенін атап өтті.
«Айтыс – қазақтың ежелгі өнері және өте күрделі, себебі ақындар толығымен суырып салма өнерінің көмегімен жеңіске жете алады. Біздің халық әншілерді өте жақсы көреді. Әр айтыста әрқашан залда инее шаншар жер болмайды. Себебі әрдайым мықты ақындар жиналады», - дейді қазылар алқасының төрағасы, танымал актер және режиссер, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.