$ 494.87  520.65  4.91

Тісі ауырған 15 жастағы жігіттің жақ сүйегі ойылып қалды

15 жастағы бала бір жылдан астам уақыт бойы тіс ауруымен ауырып, тіс дәрігеріне бармайды.

Қытайдың Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында тісі ауырған жігіттің жақ сүйегі ойылып қалған, деп жазады Stan.kz.

15 жастағы бала бір жылдан астам уақыт бойы тіс ауруымен ауырып, тіс дәрігеріне бармайды. Уақыт өте келе ауруы күшейе түсіп, туыстары оны ауруханаға жеткізуге мәжбүр болды. 

Томографияда оның тістері амелобластома, төменгі жақ сүйегіне тиген ісік салдарынан зақымдалғаны анықталды. Жас жігіт ауырғанына қарамастан еш әрекет жасаманған.  Сол себепті жақ сүйектерінде көптеген жарақаттар пайда болған. Одан соң үлкен ойық болып қалған.  

Ісікті жою және зақымдалған жақты қалпына келтіру үшін хирургиялық ота қажет болды. Жас жігіттің туыстары оның толық айығып кетеді деп күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай