$ 494.87  520.65  4.91

Игорь Сон әлем чемпионатында күміс медаль алды

Алтынды солтүстік кореялық Ом Ун Чол (294 кг), қоланы сауд арабиялық Мансур Әл-Салеем (265 кг) алды.

Ауыр атлетикадан Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Игорь Сон 55 келіде күміс медаль иеленді. Ол жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығуы бойынша 266 келі көтерді, деп жазады Азаттық.

Алтынды солтүстік кореялық Ом Ун Чол (294 кг), қоланы сауд арабиялық Мансур Әл-Салеем (265 кг) алды.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық, Қытайдан келген легионер Арли Чонтей 5-орынмен шектелді - 263 кг.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 18-27 қыркүйек арасында өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан допинг дауына ілініп, олимпиададағы алтындарын қайтарып берген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло, Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары