Жаңалықтар 19.09.2019 сағат 16:25

Еліміздің туризм бағыты бойынша Атырау алда келе жатыр

Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, шетелдік қонақтар агроөнеркәсіптік кешен нысандарына, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да шаруашылықтарға үлкен қызығушылық танытып отыр.
Еліміздің туризм бағыты бойынша Атырау алда келе жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өткен жылдың өзінде ғана 142 мыңнан аса турист мұнайлы астананың тарихи және мәдени мұраларымен танысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Мұнайлы астанада Ресей мен Франция сияқты дамыған елдердегідей белсенді туристтер саны артып келеді. Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, шетелдік қонақтар агроөнеркәсіптік кешен нысандарына, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да шаруашылықтарға үлкен қызығушылық танытып отыр. 

"Іскерлік туризм жақсы нәтиже көрсетуде, өткен жылы ішкі туризм бойынша бізге 142 033 шетелдік қонақтар келді. Тек демалуға келгендер саны қаншама, әрине, оларды статистикалық мәліметтермен қамту мүмкін емес. Біздің ғажайып табиғи аймағымыз, Қиғаш өзенінің жағалауларының таза ауасы экотуризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие, бұл жерде демалыс орталықтарында аңшылық пен балық аулау ұйымдастырылған. Туристтер үшін облыс аумағында маршруттар, авто және велошерулер ыңғайластырылған. Аталған шерулер негізінен Франция, Италия, Германия, Қытай және басқа елдерден келген экспедициялармен жүзеге асырылады", - деді Қарлығаш Бекбаева.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар