Полиция Кремльге «Путинді қуып шығуға» аттанған бақсы Александр Габышевті ұстады. Шаманның соңынан 2 автобус келіп, оны Ұлан-Удэге алып кетті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат порталы.
Александр Габышев таңертең федералды тас жолдың аумағында ұсталды. Ол осы аумақта түнеп шықпақ болған. Арбамен жүрген якуттық бақсы серіктерімен бірге «Путинді қуып шығару» үшін Мәскеуге бет алған.
Куәгерлердің бірі екі автобус келіп жеткенін, белсендіні автобустың біріне отырғызып Бурятияға қарай алып кеткенін айтты. Мүмкін оған қатысты «Экстремистік қоғамдастық құру» бабы бойынша іс қаралып жатқан шығар деп болжады.
9 қыркүйекте бақсылардың жақтаушылары ұсталғаннан кейін Ұлан-Удэде митинг ұйымдастырылып, келесі күні наразылық білдірушілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қақтығыстар болғандығы айтылды.