$ 498.34  519.72  4.85

Кәмила Шоқанова Алматыда бір адамдық пикет өткізді

Белсенді Кәмила Шоқанованы шілдедегі акция кезінде полиция ұстап әкеткен.

Бүгін, 19 қыркүйекте Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында белсенді Кәмила Шоқанова "бірнеше саяси талаппен" бір адамдық пикет өткізді. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлайды.

 Белсенді Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалы мен "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы, 10 жылдан аса уақыттан бері қамауда отырған Мұхтар Жәкішевті соттың шартпен босатпағаны жайлы, 2011 жылы Жаңаөзенде наразыларға оқ атылуын айтқан.

Сайттың жазуынша, акциядан бұрын және акция кезінде Шоқановаға өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған азамат қайырылған. Бірақ белсенді онымен сөйлесуден бас тартқан.

9 шілдеде Шоқанова Алматы әкімдігі алдында акция өткізіп, Қазақстан сенатының спикері, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап еткен. Белсенді Кәмила Шоқанованы шілдедегі акция кезінде полиция ұстап әкеткен.

Vlast.kz "Бұл жолы белсендіні полиция ұстамады" деп жазады.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#наразылық