$ 494.87  520.65  4.91

Рысқалиевтерден 72 млрд теңгені құрайтын 185 нысан тәркіленді

Ағайындылар жымқырған ақшаларды арнайы құрылған жалған фирмалар арқылы жылыстатып, кейіннен шетелге шығарып отырған.

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нүрпейісов ОКҚ-да өткен брифинг барысында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасына қатысты қылмыстық істің мән-жайымен бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев шамамен аталған қызметке кіріскен күннен бастап ағасымен бірге қылмыстық қауымдастық құрған. 2006-дан 2012 жылға дейін олар жүйелі түрде өз адамдарына мемлекеттік меншіктегі нысандарды төмендетілген бағамен сатып келген. Әлеуметтік нысандардың құрылысы кезінде бағаларды асыра көрсеткен, аса ірі көлемде пара алып отырған. Қылмыстық мақсатта жалған ресми құжаттар жасаған", – деді Сапарбек Нүрпейісов.

Оның айтуынша, ағайындылар жымқырған ақшаларды арнайы құрылған жалған фирмалар арқылы жылыстатып, кейіннен шетелге шығарып отырған.

"Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, Рысқалиевтер тобын қылмыстық қудалауды жалғастыруда.

Жалпы 71 эпизод құжаттандырылып, дәлелденді. 72 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Бас прокуратураның мәліметінше, сот шешімімен 185 нысан тәркіленді. Соның ішінде, 50 пәтер, 44 жер телімі және банк есепшоттарындағы ақшалар.

Қазіргі таңда мемлекетке 44 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал өтелді. Аталған қылмыстық қауымдастықтың қаражатын іздеу және тұтқындау шаралары жүргізілуде.

Шетелде 13 млн доллар қаражат тұтқындалды. Оларды тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп атап өтті Сапарбек Нүрпейісов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары