$ 445.66  474.58  4.78

Итіне тіл тигізгені үшін петропавлдық азамат құзырлы орган қызметкерлеріне шағымданған (ВИДЕО)

Көрінгенді жетегіндегі итімен қорқытатын күдіктіге бұған дейін 4 рет хаттама толтырылған екен. Алайда асауға тұсау салынса да, көршілері әлі үрей құшағында отыр.

Петропавлда «итіме тіл тигіздің» деп шамданған 39 жастағы азамат құзырлы орган қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызып, тіпті бұзақыны сабасына түсіруге арнайы жасақ шақыртылды деп хабарлайды КТК .

Куәгерлердің сөзінше, ол есік алдында итін жетектеп жүрген кезде әлдекім көшеде тұмылдырықсыз жүруге болмайтынын айтып ескерткен.

Алайда бұл сөз қытығына тиген азамат жол жөнекей кетіп бара жатқан адамға итін айдап салып, пышақ сілтеген.

Ал күдіктіні құрықтау кезінде көпқабатты үйдің ауласы аяғынан тік тұрды.

«Анау итін жетектеп қайтып келе жатқан. Ол жұдырығымен жүгірді. Әйелдер бірдеңе айтты ғой енді. Итің жаман, итіңді сүйретіп жүресің деген шығар. Ол айқайлады. «Қазір мен сендерді бір нәрсе қыламын" деп. Немене деп айқалағаны есімде жоқ», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Сәбира Уәлбекова.

Ер адам ескертуді елемей, кетіп бара жатқан адамға итін айдап салып, артынан пышақ сілтепті. 
Ал оқиға орнына полицейлер келіп жеткенде үйінің есігін ішінен ілген 39 жастағы азамат тәртіп сақшыларының ешбір сөзін тыңдамай, үйді жарып жіберемін деп қорқытқан.

Олар ашуға мінген тұрғынды баспалдақ арқылы кіріп сабасына түсірмек болғанда, жанындағы келіншек жетінші қабаттан секіремін деп сес көрсеткен.

Алайда ауладағы жанжал мұнымен аяқталмады. Жұрттың зәресін алған азамат қолындағы темір таяқпентәртіп сақшыларын ұрып, табанды қарсылық танытыпты. Амалы таусылған полицейлер тәртіп бұзушыны ұстау үшін арнайы жасақ өкілдеріне жүгінген. Терезені сындырып, әупірімдеп ішке енген арнайы жасақ әуелі қабаған итті бөлек бөлмеге қамап, кейін күдіктінің қолына кісен салады.

Полицейлер дүйім қаланы дүрліктірген бұзақының сол сәтте ішімдік ішкенін жеткізді.

«Бұл азаматты біз тергеу абақтысына жауып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Адам алькогольдік ішім ішкен және пышағы болғандықтан, ҚК 293-баптың 3 тармағымен талқылауға алынады», - деді Петропавл қалалық Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұхатов.

Полицияның берген дерегінше, жанжалдан зардап шеккен жанның жағдайы тұрақты. Ал көрінгенді жетегіндегі итімен қорқытатын күдіктіге бұған дейін 4 рет хаттама толтырылған екен. Алайда асауға тұсау салынса да, көршілері әлі үрей құшағында отыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары