$ 444.32  473.33  4.76

Бас прокуратура елге қандай үндеу жариялады?

Прокурор елімізде тыйым салынған ҚДТ ұйымы 21 қыркүйекте митингіге арандатушылық шақырулар таратып жатқанын айтты.

Бас прокуратура қазақстандықтардан арандатушылыққа салынып, 21 қыркүйек күні митингіге шықпауды сұрады. Қадағалау органы рұқсат етілмеген әрекеттерге қатысқаны үшін жауапкершілікті есrе алды. Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ ұйымы азаматтарды 21 қыркүйекте митингке шығуға шақыруда, деп хабарлайды Stan.kz .

ҚР бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов бұл туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол рұқсат етілмеген әрекеттерге қатысқаны үшін жауапкершілікті еске салып, қазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

«Митингтерге бару үшін алдымен рәсімнен өтуіңіз керек екенін біздің барлық азаматтар түсінбейді. Алдымен жергілікті атқарушы органдардан жоспарланған күнге дейін 10 күн бұрын рұқсат алу керек. Сонда ұйымдастырушылар мен қатысушылар жауапкершілікке тартылмайды. Егер рұқсат болмаса, жауапқа тартылуда», - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Прокурор елімізде тыйым салынған ҚДТ ұйымы 21 қыркүйекте митингіге арандатушылық шақырулар таратып жатқанын айтты.

«Енді 21 қыркүйекте ҚДТ жақтаушылары митингіге шақыруда едп айтылып жатыр. Кез келген форматта қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Біреулер көлікпен қамтамасыз етеді, ҚДТ жақтастарын жүйелі түрде жапқысы келеді, біреу парақшалар таратуға қаржылай көмектеседі. Бәрі экстремистік ұйымның қызметіне саналы түрде қаржылық, мүліктік, насихаттық көмек көрсету ретінде қарастырылады және бұл заңмен тыйым салынған», - деп атап өтті Сапарбек Нұрпейісов.

Оның айтуынша, ҚДТ жақтаушылары елдегі тұрақтылықты бұзып, тәртіпсіздіктер ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары