$ 447.4  477.55  4.76

Жемқорды ұстап берген адамға қанша сыйақы беріледі?

Жеке адамдардан жемқорлық фактісі бойынша 59 шағым келіп түскен, бірақ оның алтауы ғана ақшалай сыйлыққа ие болды.

Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жеке адамдардың нұсқауы бойынша ашылған жемқорлық фактілер туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға сәйкес, жемқорлық фактісі туралы ақпарат жеткізген азаматқа біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Биылғы жылдың сегіз айында Алматыда алты адамға жалпы сомасы 1 миллион 60 мың теңге көлемінде сыйақы берілді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы департамент басшысының орынбасары Таумұрат Данияр.

Жеке адамдардан жемқорлық фактісі бойынша 59 шағым келіп түскен, бірақ оның алтауы ғана ақшалай сыйлыққа ие болды. Өйткені шағымданған адамның барлығына бірдей сыйлық берілмейді, тек анықталған фактінің заңсыздығы сотта дәлелденгенде ғана сол адам мараптталады.

Жемқорлық фактісі бойынша 1424 нөміріне қоңырау шалып, шағым түсіруге болады.

Одан бөлек, жыл соңына дейін «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын» іске қосу жоспарланып отыр. Ол арадан жекелеген азаматтар бюджеттен бөлінген ақшаны, қай нысанға қанша бөлінгені, жасалған жұмыстың кезеңі туралы ашық ақпараттар алады.

Мысалы, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған жол сапасыз болса, су құбыры жұмыс істемей тұрса, онда әр азамат өз шағымын жолдап, ол бойынша мәлімет осы картаның көмегімен тексеріліп-қаралатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары