$ 498.34  519.72  4.85

Мен де, министр де, үкімет басшысы да үй бере алмайды - вице-министр

Вице-министрдің сөзінше, жыл сайын 6 мың жалдамалы баспана салынып, бірнеше жыл ішінде әкімдік кезегінде тұрған барлық көпбалалы анаға таратылмақ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев баспана талап ететін көпбалалы аналарға кеңес берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Өскенбаев Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

«Мен көпбалалы аналарға мынаны айтайын деп отырмын, біз баспана мәселесін екі жолмен шешіп жатырмыз. Мысалы, «Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 2 проценттік несие алуға болады. Оған жағдай жетпесе, жалдамалы пәтерге кіруге мүмкіндік бар»», - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, жыл сайын 6 мың жалдамалы баспана салынып, бірнеше жыл ішінде әкімдік кезегінде тұрған барлық көпбалалы анаға таратылмақ.

Тіпті үш жыл ішінде кезек мәселесін шешу тапсырмасы бар.

«Енді халықты да түсінуге болады. Олар екі-үш жыл күткісі келмей, қазіргі жағдайды ойлап жатыр ғой. Қазір алсам екен дейді. Бірақ кішкене сабырлық сақтау керек. Себебі әкімдіктерде белгіленген кезек бар. Ол кезектің алдына ешкім шыға алмайды. Ал олар келеді де, «көмектесіңізші, беріңізші» дейді. Мен айтамын: «Мен де, министр де, үкімет басшысы да бере алмайды». Ешкім бере алмайды, өйткені заң бар», - деп түсіндірді Өскенбаев.

Сонымен қатар министр орынбасары кезек бойынша алдында қанша адам тұрса, солардың бәрін күту керек екенін, себебі тәртіпті ешкім бұза алмайтынын да атап өтті.

«Мысалы, кезекте сіздің алдыңызда 1 мың адам тұрса, олардан бұрын мен сізге қалай беремін? Қолымнан келетін болса, көрінген адамды тыға беремін ғой. Сол себепті оны ешкім істей алмайды. Бәрі тәртіп бойынша беріледі. Сондықтан сабырлықпен күту керек», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары