$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында жоғалған қыз табылды

Өткен аптада Алматы облысында жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарова аман-есен табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бойжеткеннің табылғандығы туралы ақпарат ең алдымен Фэйсбук әлеуметтік желісінде жарияланған.

"Студентті іздеумен айналысқан еріктілердің бірі Константин Авершин әлеуметтік желідегі парақшасында Айзаданы полицейлердің тапқандығын және оның аман-есен екенін айтып, сүйінші сұраған.

Оның айтуынша, Айзада Авлатарованы тәртіп сақшылары Тұрар саяжайын қарау барысында тапқан. "Оның бойын үрей билеген, күдікті Токарев те ұсталды. Оны сарбаздар мен Қапшағай қалалық ІІБ қызметкерлері ұстады" делінген аталған жазбада.

Естеріңізге салайық, 20 жастағы студент қыз 3 желтоқсан күні таңертең жоғалған болатын. Ол өзі тұратын Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылындағы колледжге таксимен баруды көздепті. Алайда, жолай отырған көлігі оны оқу орнына емес, өзге жаққа қарай алып кеткен. Жолда Айзада алдымен достарының біріне телефон арқылы хабарласып, такси жүргізушісі өзін Қаскелең қаласына қарай алып кетіп бара жатқанын айтып дабыл қаққан көрінеді. Алайда, араға бірнеше минут салып, құрбысымен байланысқа шықан ол 5 минутта колледжге баратынын айтқан және содан кейін хабарсыз кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары