Әнші Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы көпшіліктен сақтап келген жары Жұлдыз Әбдікәрімова енді қыз ұзатып, неке қиятынын мәлімдеді.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Қанша уақыттан бері @mairatolepbergen құрбым «Неге сен неке қиып, қыз ұзатпайсың?» дейтін. Алғашында «Майра, ұят қой. Ел не ойлайды» деп бірнеше жыл тартқыншақтап жүрдім. Сосын жақында өз оқырмандарымның арасында #stories сауал өткізгем. Қаншама адамның ілтипаты мен тілегін естідім. Шақыртуларын алдым. #direct арқылы халықтың жақсы сөздерін оқып, батасына бөлендім Ал енді «Биссимилях» деп бүгіннен бастап жас жұбайлардың некесін қиюға тапсырыстар қабылдаймын деп шештім. Әрине, жүректе қобалжу бар. Дегенмен қолдан келсе неге көрмеске. Мен некесін қиған әр жұбым кем дегенде 4 баладан тапса, көркем отбасы болса қандай жақсы», - деп жазды Әбдікәрімова.