2019 жылы 20-қыркүйекте, сағат 13:30-да "Қосшы" ауылына жетпей, "Қарқаралы" тас жолында жоғалып кеткен Байзуров Әнуар Төлегенұлының мәйіті табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Байзуров А.Т. мәйітін туыстары таныды.
6-қыркүйекте үйінен шығып кетіп, оралмаған Байзуров А.Т. мекен-жайын анықтау үшін Полиция департаментінің жеке құрамы жасақталды.
Денені қарау барысында зорлықпен өлтіру белгілері байқалмаған. Өлімнің алдын-ала себебі асылу жолымен жасалған тыныс алу жолдарының асфиксиясы.
Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚК 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әнуар Байзуровтың жұмыстан шыққан соң, үйіне сол күйі оралмағаны хабарланған еді.