$ 447.4  477.55  4.76

Маңғыстауда 39 жастағы әйел жоғалып кетті

Үстінде сұр түсті пиджак, қызғылт түсті кофта, қара түсті юбка, өзімен бірге жасыл сөмке болған.

Маңғыстауда 1980 жылы туған азаматшаға іздеу салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Алима Кульчикова Ақтауда 3Б шағын ауданында орналасқан политехника колледжінен 18-қыркүйек күні белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. 

Сол уақыттан бері хабарсыз. 

Үстінде сұр түсті пиджак, қызғылт түсті кофта, қара түсті юбка, өзімен бірге жасыл сөмке болған. 

Азаматтың бойы шамамен 155-160 см, орташа денелі, шашы қысқа қара түсті, меңі бар. 

Полиция департаменті қандай да мәліметтер болған жағдайда, 47-48-10, 47-48-25, 53-18-22, 8778 666 27 72 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Маңғыстау