$ 494.87  520.65  4.91

Сұмдық! Екі қалыңдық заңды некеге отырды

Ирина  қазіргі таңда  жынысын ауыстырмақ. Яғни, еркек жынысынан әйел жынысына ауысу үшін қамданып жүр.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында екі қалыңдық некелесті, деп хабарлайды shok-inform.ru.

 Олар: Ирина Шумилова мен Алена Фурсова.  Екі қызға біржынысты некені заңдастыруға Иринаның жеке куәлігі көмек болған.  Өйткені оның құжатында ол еркек екендігі туралы  дәлел бар екен. Дегенмен, Ирина  қазіргі таңда  жынысын ауыстырмақ. Яғни, еркек жынысынан әйел жынысына ауысу үшін қамданып жүр.

 Осы орайда,  ашық апарат көздеріне сүйене отырып айта кетейік, бір жынысты неке — жынысы бірдей тұлғалардың арасындағы неке. Жынысы бірдей серіктестердің арасындағы неке салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. XXI ғасырда етегін жая бастады. Алғашқы болып Нидерланд бір жынысты некені 2001 жылы заңдастырған. Әлем елдерінің басым көпшілігінде бұндай некелерге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, әлем діндерінің барлығы дерлік бір жынысты некені қатаң сынайды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары