Жаңалықтар 21.09.2019 сағат 12:30

Путин мен Жээнбековтың Орынборда кездесуінің астары не?

Америкалық Jamestown Foundation зерттеу орталығы өз есебінде бұл жаттығу «мемлекетаралық соғысқа дайындық жасау» әрекетіне ұқсас деп сипаттайды.
Путин мен Жээнбековтың Орынборда кездесуінің астары не?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

20 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков екіжақты қарым-қатынас және аймақтық интеграция мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды azattyq.org.

Екі басшы ресейдің Орынбор қаласында кездескен.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 20 қыркүйекте журналистерге Путин мен Жээнбековтің «байыпты келіссөз» жүргізгенін хабарлады. Олар Ресей-Қазақстан шекарасына жақын Донгуз полигонындағы әскери жаттығу барысын бақылаған. Оған Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскерилері қатысқан.

«Екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады, аймақтық мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты, постсоветтік кеңістіктегі интеграциямен байланысты жайттарды қозғады" деді Песков.
Ресей тарихындағы «ең ірі әскери жаттығулардың бірі» ретінде аталған шараға өзге ел басшылары арасынан тек Жээнбеков қана қатысты.

Мәскеу бұған дейін қыркүйектің 16-21 аралығында өткен «Центр - 2019» әскери жаттығуының мақсаты - терроризммен күрес және «Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету» екенін хабарлаған. Америкалық Jamestown Foundation зерттеу орталығы өз есебінде бұл жаттығу «мемлекетаралық соғысқа дайындық жасау» әрекетіне ұқсас деп сипаттайды.

Сарапшылардың ойынша, Мәскеу осылайша Батыс алдында әскери күш-қуатын көрсеткісі келеді.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар