21.09.2019, 14:15

Авиабилеттердің бағасы тексерілуде

Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды.

 «Екі әуе компаниясына қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Азаматтық авиация қызметтерін арығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Эйр Астана» АҚ және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізуге бастамашылық етті», - делінген хабарламада.

 Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.