Шетел азаматы Қазақстан арқылы 12 келі героинді алып өтпек болған, алайда ол «Жібек жолы» кеден бекетінде ұстады деп хабарлайды ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство хабарламасында күдіктінінің 20 қыркүйек күні құрықталғаны айтылды. Сондай-ақ, құрықтауға ҰҚК ШҚ «Жібек жолы» ОПТК қызметкерлері де қатысты.
Ұсталған азамат Тәжікстан азаматы болып шықты. Ол өз көлігімен Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы келе жатқан, алайда мемлекетіміздің аумағындағы кедендік бақылаудан өте алмай қалған. Ынтас пен Рига қызметтік иттерінің мінез-құлықтары кеден бекеті қызметкерлерінің көлікті тексеруіне себеп болған. Көлік инспекциялық-тексеру кешені аппаратының көмегімен қаралды.
Тексеру кезінде жасырын орыннан «Каbut Afghanistan R.C.C.» деген жазуы бар 12 пакет табылды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ер адам Қазақстан арқылы 12 келі героинді алып өтпек болған.