$ 494.87  520.65  4.91

Прокуратураның  ескертуіне қарамастан митингке шыққан 57 адам ұсталды

«Кейбірі құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы әрекет ете бастады, осылайша өзге азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына, жол қозғалысына қауіп төндірді» делінген.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда 21 қыркүйек күні болған «рұқсат етілмеген митингі кезінде» 57 адам ұсталды деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілмеме жасап azattyq.org

«57 адам заң бұзғаны үшін ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр» делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері хабарламада «прокуратураның ескертуіне қарамастан жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандату әрекеттеріне еріп кеткені» жазылған.

«Кейбірі құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы әрекет ете бастады, осылайша өзге азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына, жол қозғалысына қауіп төндірді» делінген.

21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте «рұқсат етілмеген митинг» өтіп, полиция ондаған азаматты ұстады.

Оқиға орнында болған Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда полиция ұстау кезінде кейбір тұрғындарға дөрекілік танытып, автобусқа итеріп кіргізген. Ұсталғандардың бірі полиция автобусының терезесін сындырып, қашып кетпек болған. Бірақ полицейлер қайта ұстап алған
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құқық #митинг