Жаңалықтар 21.09.2019 сағат 18:15

«Біз батпаймыз, біз күресеміз» - климаттың өзгеруіне қарсы әлем белсенділері ереуілдетті

Оқушы қыз өткен жылы Швецияның ұлттық парламентінің алдында «Климат үшін мектеп ереуілін» жасаған еді.
«Біз батпаймыз, біз күресеміз» - климаттың өзгеруіне қарсы әлем белсенділері ереуілдетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлемнің 2000 қаласының тұрғындары жаһандық жылынуға қарсы ереуілге шықты. Бұл туралы BBC хабарлады дейді Massaget.kz

Ереуілге шыққандар осылайша 16 жасар экология қорғаушысы Грет Тунбергті қолдайтынын көрсетпек болған. Оқушы қыз өткен жылы Швецияның ұлттық парламентінің алдында «Климат үшін мектеп ереуілін» жасаған еді. 

Акция осы аптада өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитіне орай өтті. Белсенділер саммитте климаттың өзгеруіне әкеп соқтыратын проблемалардың шешімін табуды талап етті. 

Ереуіл Тынық мұхитындағы Кирибати, Соломонов аралдары мен Вануату секілді мемлекеттерде басталды. Көшеге шыққандар «Біз батпаймыз, біз күресеміз» деп ереуілдетті. 

  
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар