$ 449.58  486.94  4.86

Air Astana әуе компаниясы «қара тізімінен» шығарылды

Еврокомиссия қазақстандық  Air Astana әуе компаниясын қауіпті әуе тасымалдаушылар «қара тізімінен» шығарды. Бұл туралы ЕК хабарламасында айтылды, деп хабарлайды  interfax.kz.

Еуропалық комиссия бейсенбі күні әуе тасымалдарының қауіпсіздігі бойынша тізімді қайта жаңартты. Бұл тізімге Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған әуе компаниялар кіреді.

«Біз Air Astana-ның алты жылдық қызметінен кейін шектелген компаниялардың тізімінен шығарылғанына куаныштымыз», — деді Еурокомиссия мүшесі Виолета Булц.

«Дегенмен ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін Қазақстанның басқа әуе кемелері тізімде қалды. Сондай-ақ, тізімге ирактық Iraqi Airways әуе компаниясы енгізілді», — деп атап өтті ол.

ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін жаңаланған тізім 11 қарашада жарияланады. Тізімге 20 мемлекеттің 228 әуе компаниясы енгізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Air Astana» әуе компаниясы жекеменшікке сатылады екен деген хабар тараған болатын. Алайда ел үкіметі бұл әуекомпаниясының жекешелендіруге ұсынылған объектілердің қатарына енгізілмегендігін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары