$ 494.87  520.65  4.91

Биыл Атырау облысында 600-ден аса жұмысшы қысқарып қалған

Атырау облысының мұнай-газ саласымен айналысатын компаниялары жыл басынан бері 643 қызметкерін жұмыстан қысқартқан. Бұл жайында облыстың әлеуметтік қамсыздандыру басқармасындағылар мәлімеді.

Қысқарғандардың жартысынан астамы жұмыссыз ретінде тіркеліп, кезегін күтіп отырса, қалғандарына тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Олар салаларын өзгерткен немесе өзге компанияларға ауысқан қызметкерлер. Жалпы, биыл өңірде 3,5 мың адамның жұмыстан қысқартылуы күтілген болатын. Дегенмен, мамандарды өзге салаларға ауыстырудың арқасында бұл жайт орын алған жоқ.

"Атырау облысында жаппай қызметкерлерді қысқарту орын алған жоқ. Компаниялар қысқартатын болса бұл жайында біздің басқармаға 2 ай бұрын хабарлайды. Ал, біз осы уақыт ішінде жұмысшылардың далада қалмауы үшін өзге комапаниялардан орындар іздейміз. Жалпы, бір компанияда қазір 5-10 қызметкерден артық қысқартылып жатқан жоқ" дейді Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары