$ 445.66  474.58  4.78

Нұр-Сұлтанда заңсыз шеруде кәмелетке толмаған бала ұсталды (ВИДЕО)

Ведомство мәліметінше, осыдан кейін азаматша А өзге де құқық бұзушылармен бірге ұсталған.

Нұрсұлтан қалалық полиция департаменті елорданың Республика даңғылығында өткен заңсыз шеру барысында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің ұсталмағандығын мәлімдеді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан кәмелеттік жасқа толмаған қыздың ұсталуы туралы видеоға қатысты азаматша А-ның 2000 жылы дүниеге келгендігін хабарлаймыз.

Полиция қызметкерлерінің заңсыз шеруге қатысуын доғару талабына қарамастан азаматша А. әрекетін жалғастырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін итеріп, қарсы әрекет жасауға (видеосы бар) итермеледі", - деп атап өтті полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, осыдан кейін азаматша А өзге де құқық бұзушылармен бірге ұсталған.

"Ұсталған кезде жеке басын куәландыратын құжаты болған жоқ. Дегенмен, анасы келіп жүгінгеннен кейін азаматша босатылып, анасына табысталды", - деді Нұрсұлтан қаласының полициясы.

Еске сала кетсек, 21 қыркүйек күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсат етілмеген митингті өткізбек болған 57  ащам ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан