Жаңалықтар 23.09.2019 сағат 03:37

Ғалымдар шайдың миға жақсы әсер ететінін анықтады

Нәтижесінде шайды көп ішетін топтағы адамдардың миындағы нейронды байланыс тиімділігі екінші топқа қарағанда жақсырақ болып шыққан.
Ғалымдар шайдың миға жақсы әсер ететінін анықтады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ең кем дегенде аптасына төрт рет шай ішу ми байланысының тиімділігін арттырады. Бұл туралы зерттеу Aging ғылыми журналында жарияланды, деп Қазақпарат. 

Автордың айтуынша, шайдың пайдасы мен зияны туралы зерттеулердің көбі нейропсихологиялық әдістерге негізделген, ал бұл топ нейровизуалиция арқылы зерттеу жүргізген. 

«Зерттеуге қатысушылар екі топқа бөлінді. Бір топта шайды көп ішетіндер, ал екінші топта шайды мүлдем ішпейтіндер немесе сирек ішетіндер болды. Айта кетерлігі, бірінші топтағы 30 адам соңғы жиырма бес жылда ең кем дегенде аптасына төрт рет шай ішкен. Олардың жасы алпыстан асады. Зерттеу барысында қатысушылардың денсаулығы, өмір салты мен психологиялық ахуалы ескерілген, сондай-ақ олар нейропсихологиялық тестіден өткен. Сонымен қатар, әр қатысушының миы магнитті резонансты томография арқылы сканерленген», деп жазылған мақалада. 

Нәтижесінде шайды көп ішетін топтағы адамдардың миындағы нейронды байланыс тиімділігі екінші топқа қарағанда жақсырақ болып шыққан. 

«Ми бөліктерінің арасындағы байланыс тиімді болған сайын ақпаратты өңдеу де жақсы болады», дейді зерттеу тобының басшысы Лэй Фэн. Оның айтуынша, шай когнитивті қызметтерге де жақсы әсер етеді. Конитивті қызмет пен ми құрылымы тығыз байланысты болғандықтан, енді ғалымдар шайдың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың интеллектіге әсерін зерттеп көрмек.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар