23.09.2019, 15:20

ІІМ: Жедел шараның арқасында 16 тонна есірткі тәркіленді

Заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантация табылған.

Арнайы операция кезінде Қазақстаннан 23 есірткі алқабы табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады,- дейді qazaqtimes.

 ІІМ таратқан ресми хабарламада: «Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі. Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлер қатарларын өзге өңірлерден келген әріптестермен және құралдармен күшейтілуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды», – делінген.

 Полиция қызметкерлері «Көкнәр» операциясы барысында 3 айдың ішінде 16,7 тонна есірткі тәркіледі. Сондай-ақ, заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантация табылған. 

Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды.