$ 498.34  519.72  4.85

Әріптесінен пара алып «қамқорлық көрсетуді» көздеген полиция капитаны ұсталды (ВИДЕО)

Ол бұл қызметке ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалып, әріптестерінің арасында сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуі тиіс болатын. Бірақ енді өзі патрульдік полиция инспекторынан боспалау жолымен 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуі тиіс болған. Бірақ ол өзі әріптесінен пара алып, істі болып жатыр.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері бопсалау жолымен 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sputniknews.kz

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол бопсалау жолымен пара алды деп айыпталып отыр.

Ол бұл қызметке ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалып, әріптестерінің арасында сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуі тиіс болатын. Бірақ енді өзі патрульдік полиция инспекторынан боспалау жолымен 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаға инспекторды жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жауапкершіліктен босатып, алдағы уақытта оған қамқорлық көрсетпекші болған.

Күдікті қамауға алынды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оның кінәсінің деңгейін сот анықтайды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары