Кения астанасы Найробиде мектептің қабырғасы опырылып, кем дегенде 7 оқушы қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА BBC-ге сілтеме жасап.
Ресми хабарларға сүйенсек, Precious Talent Top School мектебінің ағаштан соғылған қабырғалары сабақ үстінде опырылып түскен. Қайғылы оқиға бүгін болды.
Ондаған адам зардап шегіп, жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Мектеп директоры Мосес Ндирангудың айтуынша, мектеп қабырғасының қирауына кәріз коллекторын жөндеу жұмыстары себеп болуы мүмкін. Директор құрылыс жұмыстары кезінде мектептің іргетасы әлсіреген деп отыр.
Кения Қызыл Крест қоғамының өкілдері апаттан жапа шеккендердің бірнешеуін Дж. Кениат атындағы Ұлттық ауруханаға жеткізген.
Кения үкіметі апат себептерін тексеруге кірісті.