Түркияның Анталья қаласында украиналық бойжеткен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін көз жұмған. Марқұмның өліміне кінәлі ретінде түрік елінің азаматы тұтқындалып отыр деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оқиға Антальяның "Анталья Лайф Парк" ауданында болыпты. Құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғындар мен такси қызметкері шағымданған.
Олар украиналық аруды жезөкше деп болжаған көрінеді.
Оқиға орнына келген полицейлер әйел адамның өлі денесін тапқан және оның 42 жастағы украиналық Юлия Билехуб екені анықталған.
Тәртіп сақшылары күдікті ретінде түрік азаматын тұтқындады. Себебі ер адамда марқұмның қолсағаты, сырғасы мен жүзігі табылған.
Анықталғандай, әйел адам бастапқыда онымен бірге ішімдік ішіп, кейін 200 түрік лирасы үшін жыныстық қатынасқа түсуге әзір екендігін білдірген.
Сонымен бірге, ер адамның бұған дейін түрлі қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған.
Қазіргі таңда әйел адам Түркия елінің азаматшысы болуы мүмкін бе деген болжам қарастырылып жатыр.