$ 444.22  476.38  4.82

5 жасар ұлы бар ерлі-зайыпты өз үйінде өртеніп кетті

Сағат 16.56-да ол екі пәтерлі үйдің кіреберісі жанып жатқанын әрі шатырдан түтін шыққанын көрген.

 Солтүстік Қазақстан облысында бес жасар ұлы бар ерлі-зайыпты, яғни үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Олар өз үйінде өртеніп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қыркүйекте сағат 16 сағат 51 минутта Жамбыл ауданы Пресновка ауылының №11 өрт сөндіру станциясының қашықтан басқару пультіне Благовещенка ауылы Мұқанов көшесіндегі 10-үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Төтенше оқиға орнына бөлімше кезекшісі барған. Сағат 16.56-да ол екі пәтерлі үйдің кіреберісі жанып жатқанын әрі шатырдан түтін шыққанын көрген. Өрт сөндірушілер «Атаменкен-Агро» ЖШС қызметкерлерімен бірге өрт сөндіруге жұмылдырылды», - деді төтенше жағдайлар бөліміндегілер

Өрттің салдарынан орталық аудандық ауруханаға үш адам жеткізілді: 1990 жылғы ер адам, оның денесінің 20-29% күйік шалған, 1990 жылғы әйелдің денесінің 40-49%, олардың 2014 жылғы баласының денесін 40-49% термикалық күйік шалған. Барлық зардап шеккендердің жағдайы ауыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары