$ 494.87  520.65  4.91

Путиннің Қазақстанға сапары жоспарланып жатыр

Оның айтуынша, бұған қоса республика басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдің Омбы қаласына сапары жоспарланып отыр.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары пысықталып жатыр, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. Бұл туралы bugin.kz жазды.

"Владимир Путиннің Қазақстанға сапары пысықталып жатыр. Ол тараптар келіскен уақытта келеді", - деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, бұған қоса республика басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдің Омбы қаласына сапары жоспарланып отыр. Президент XVI Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысады.

"Әрине, өңіраралық ынтымақтастық форумы екі мемлекет басшысының төрағалығымен өтеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен форумға Владимир Путинмен бірге қатысуы тиіс", - деді ол.

Сондай-ақ, Василенконың айтуынша, Тоқаев Сочиде өтетін "Валдай" халықаралық пікірсайыс клубының форумына қатысуы мүмкін. Бұл шешім кейінірек жарияланады.

Мемлекет басшылары қатысатын XVI Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы 2019 жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, екі елдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумы 2018 жылдың қарашасында Петропавл қаласында өтті. Оған Ресей басшысы Владимир Путин пен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Путин