$ 494.87  520.65  4.91

«Лаңкестік ұйымдардан еш айырмашылығы жоқ» — Түркия президенті

Түркия бастаған әскери жорық күрттердің бақылауындағы жерлерді содырлардан тазартуды мақсат етеді. Алайда, бұл қадамның қашан оң нәтиже берері беймәлім.

Түркия Сирияда жүргізілетін әскери операцияға дайындықты аяқтады. Бұл туралы Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, дейді qazaqtimes.

Ердоған сөзінде: «Түркия Сирияда бастайтын әскери операцияға дайындықтарын тәмамдады. АҚШ біздің стратегиялық серіктесіміз. Сондай-ақ НАТО құрамында одақтас елміз. Дегенмен, біз ресми Вашингтонның лаңкестік ұйымдарға жасаған қолдауына көз жұма алмаймыз. Бүгінде аймақ «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымнан» азат етілді. Алайда, оның орнына Сириядағы ұсақ ұйымдардан біріккен «Демократиялық күш» тобы шықты. Оның басқа лаңкестік ұйымдардан еш айырмашылығы жоқ», – дейді. 

Түркия бастаған әскери жорық күрттердің бақылауындағы жерлерді содырлардан тазартуды мақсат етеді. Алайда, бұл қадамның қашан оң нәтиже берері беймәлім. 

6 қыркүйекте түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын құру үшін Түркияға халықаралық қолдау көрсетілмесе, миллиондаған босқындар үшін Еуропаға шекара айқара ашылатынын ескерткен болатын. 

Сонымен қатар, ресми Анкара Еуропа елдерінен логистикалық көмек сұраған. Осыған байланысты, босқындар мен бейбіт тұрғындардың Сириядағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсететін бірден-бір мемлекет АҚШ болғандықтан, Түркия аталған мәселені америкалық әскерлермен бірлесе шешуге бел буған.

 9 қыркүйекте Түркия мен АҚШ әскерлері Сирияның Евфрат өзенінен шығыс аудандарда қауіпсіздік аймағын құру мақсатында бірлескен операция өткізген. Кейіннен ресми Анкара Вашингтонның бұл іске немқұрайлылық танытып отырғанын хабарлаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары