$ 444.22  476.38  4.82

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовті маңғыстаулықтар әуежайдан күтіп алды

Кездесу кезінде аймақ басшысы дүниежүзіне өзінің мықтылығын дәлелдеген былғары қолғап шебері Бекзат Нұрдәулетовке барлық маңғыстаулықтардың атынан алғыс айтып, шын жүректен жеңісімен құттықтады.

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов бастаған маңғыстаулықтар бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовты әуежайдан күтіп алды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу кезінде аймақ басшысы дүниежүзіне өзінің мықтылығын дәлелдеген былғары қолғап шебері Бекзат Нұрдәулетовке барлық маңғыстаулықтардың атынан алғыс айтып, шын жүректен жеңісімен құттықтады. 

Бекзат Нұрдәулетов қарсы алуға келген барлық жанкүйерлер мен өңір басшысына ризашылығын білдіріп, бұл Жеңісті – барлық қазақстандықтарға тарту етемін деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары