$ 442.05  474.14  4.74

24-25 қазанда «Digital Bridge» халықаралық форумы өтеді

2019 жылдың 24-25 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында дәстүр бойынша «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді.

Айтулы форумда әлемнің жетекші IT-мамандары мен кәсіпкерлері цифрлық даму саласы бойынша инновациялық шешімдер қабылдап, тәжірибе алмасады. 

«Биыл Digital Bridge Қазақстандағы цифрлық экожүйеге қатысты барлық іс-шараларды бір алаңның астына жинаған форум болмақ. Біз Digital Bridge форумының бизнес, стартаптар, мемлекет және осы саладағы мәселелерді шешуге, цифрлық идеяларды ілгерілетуге, нақты пайда әкелетін жобаларды іске асыруға ниетті аудиторияларды біріктіретін көпірге айналғанын қалаймыз», - дейді «Зерде» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев.

Биылғы форумдағы басты шара – Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық сессиясы болады. Қатысушылар үшін әртүрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылып, болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау, цифрлық медиа сынды тақырыптар төңірегінде сөз болады.

Жоспарға сәйкес, Astana IT University мен Alem бағдарламалау мектебі ресми ашылып, «Digital ХҚО» сервистері көрсетіледі. Сонымен қатар, «Цифрландыру мәселелері бойынша ашық талқылау» сессиясы және ШЫҰ халықаралық технопарктерінің дөңгелек үстелі өтеді.   

«Digital Bridge» форумының басты мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар арасында диалог алаңын құруды және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер арасында қазіргі заманғы технопарктер пулын қалыптастыруды көздейді.

Форум аясында дәстүр бойынша Astana Hub Awards марапаты өтіп, Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға үлес қосқан ақпараттық технология майталмандары марапатталады. 

Қатысушылар мен БАҚ өкілдерін тіркеу ашық: http://digitalbridge.kz/.  

Еске сала кетсек, алғашқы Digital Bridge форумы 2018 жылдың 5 қарашасында өтіп, оған әлемнің 23 елінен 600-ден астам қатысушы мен 50-ге жуық спикер келді. Форумда Digital Bridge Awards сайысы ұйымдастырылып, қатысушылар «Үздік цифрлық бастама», «Үздік цифрлық кеңсе», «Үздік IT-компания» номинациялары бойынша марапатталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары