$ 498.34  519.72  4.85

«Екінші Мекке» атанған өлкеде жезөкшелікпен айналысатындар қолға түсті

Полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан 5 адамды және жеңіл жүрісті 12 қызды тіркеуге алды.

Түркістан облысында алты жеңгетайлық дерегі анықталды, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 

Полицейлер жеңгетайлар мен притондар жұмысын ұйымдастырушыларды қонақ үй, сауна және моншаларды тексеру кезінде анықтады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары интернет-сайттарды тексерді. 

Осылайша, притон ұйымдастыру күдігімен Сарыағаш қаласының тұрғыны ұсталды. Жергілікті қонақ үй әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан, ол келушілерге қосымша ақы үшін осындай қызмет түрін ұсынатын болған. Ұсталған адамнан ақша мен басқа да заттай деректер тәркіленді. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша іс қозғалды. Полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан 5 адамды және жеңіл жүрісті 12 қызды тіркеуге алды. 

 Еске сала кетейік, осыған дейін Алматының Медеу ауданындағы жалға берілген пәтерлердің бірінде порностудия жұмыс істегені анықталған болатын. Қылмыс орнында виртуал интим қызметін ұсынған қыздар және Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталғаны айтылады. Ол қыздарға техникалық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары