$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда 70 қылмысқа қатысы бар көпбалалы ананың ісі сотқа жіберілді

Бұрынғы мемлекеттік қызметкермен сыбайлас болған ананың 8 баласының үлкені тұрмыста, ал ең кішісі шамамен 2 жаста екендігі мәлім болды.

Түркістан қаласының полицейлері бұрынғы мемлекеттік қызметкермен бірге ауызжаласып, алаяқтық жолмен 70 жайтқа қатысы бар көпбалалы ана екеуінің ісін сотқа жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Өткен жылдың желтоқсанында Түркістан қалалық полиция басқармасына бір топ жергілікті тұрғындар арызданып келген. Олар, өз арыздарында мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп уәде берген әйелге сенім білдіріп, талап еткен қаржыны күмәнсіз қолма-қол тапсырғандарын жазады. 

Осылайша полицейлер арыздарды СДТБТ-ға тіркеуге алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғайды. Қылмыстық іспен Түркістан қалалық полиция басқармасының тәжірибелі тергеушілері айналысады. Жәбірленушілерге 10 миллионға жуық шығын келтірген әйелдің Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны екендігін анықтайды. Сондай-ақ тергеу барысында көпбалалы ана мұндай қылмыстық істерге бұрынғы мемлекеттік қызметкер болып қызмет істеген жергілікті тұрғын яғни ер азаматтың көмегімен жасағандығын айтады. 

Полицейлер қылмыстық істің біртіндеп ашылып жатқан тұстарын ескеріп, тергеу ісін жоғары деңгейде атқарады. Нәтижесінде, екі күдіктіге қатысты 70 алаяқтық жайтын анықтап, әлгі мемлекеттік қызметкер болған күдікті ер азаматтан да жауап алады. Істері нақты дәлелін тапқаннан соң жинақталған барлық мәліметтерді сотқа жолдайды. 

Түркістан ҚПБ-на келіп арызданушылар саны артуда. Бүгінгі күнге дейін тағы да осы екі күдіктінің үстінен тап осы 190-бапқа сәйкес, 11 жайт анықталып, тергеу амалдары қайта жалғасуда. 

Бұрынғы мемлекеттік қызметкермен сыбайлас болған ананың 8 баласының үлкені тұрмыста, ал ең кішісі шамамен 2 жаста екендігі мәлім болды. Қазіргі уақытта көпбалалы ана үй қамағында болса, мемлекеттік қызметтен аластатылған ер азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары