Қазақстан Парламенті сенатының депутаты, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagam-парақшасында көпбалалы ананың намысшыл ұлы жайлы сөз қозғады.
«Кеше ойда жоқта танысқан Мақпал Сүлейменованың 5 баласының біреуі менің ұлыммен жасты екен. Мектепте мұғалім: «Сен көпбалалы отбасыдан екенсің, сендерге киім, тамақ, жалпы, көмек керек пе, айт!» десе, үйге жылап келіпті.
«Анашым, біз сізге көмек керек деп айттық па, мектеп бізге киім, тамақ береміз деп жатыр. Керек емес деңіз! Бізде бәрі бар. Ұят болады», - деп намыстанып жылапты бала. Ол неге осыншама намысшыл? Өйткені ата-анасы намысшыл! Бәрі үйдегі тәрбиеден», – деп жазды Дана Нұржігіт.