26.09.2019, 22:39

Ақтау түрмесінде 3 адам аузын сыммен тігіп тастады

Телеарнаның мәліметінше, оқиға орнына Маңғыстау облыстық прокуратурасының өкілдері жеткен.

Ақтаудағы ГМ 172-2 түрмесінде үш жазасын өтеуші аузын сыммен тігіп тастаған. Олар прокурормен кездестіруді талап етіп наразылық білдірді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оқиға орнына Маңғыстау облыстық прокуратурасының өкілдері жеткен.

Олар тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады.

Кездесу кезінде жазасын өтеушілердің түрмеде қысым көргенін айтқаны белгілі болды.

Телеарна таратқан мәліметке сәйкес, колония басшылығы мұны мойындамай отыр.

Керісінше, сотталғандарды айыптап, олардың тәртіпке бағынбағанын жеткізген.

Қазіргі уақытта жазасын өтеуші үш адам еріндеріне тігілген сымды шешкені айтылды.

"Мінезі өте нашар. Қазір қатаң жағдайда ұстауда отыр. Тәртіпті өрескел бұзушылар. Қаскөйлікпен бұзушылар. Мекеме аумағын тазартудан кесте бойынша бас тартқан. Жұмысты жасамаймыз деп талап қойған", - деді Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Жасталап Басаров.

Тегтер: Ақтау