$ 494.87  520.65  4.91

«Менен гөрі балалар ақылды екен»: желі белсенділері балаларға арналған тапсырманың шешімін таппады

Бұл тапсырманы шешуге ағылшын тілін білу міндетті емес екен.

Желі қолданушылары ағылшын тілі пәнінен балаларға арналған тапсырманы шығара алмады. Тапсырмаға мектеп жасына дейінгі мұғалім назар аударған. Оның Twitter желісіндегі парақшасына салған тапсырмасы 20 мың ретвит пен 10 мың лайк жинаған, - деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған  tengrinews.kz.

Суретте бір бағанада ағылшын тілінде сөздер жазылса, екінші бағанада геометриялық фигуралар бейнеленген. Оларды салыстыру қажет екен. 

 «Менен гөрі балалар ақылды екен», «2002 жылы туғанның өзінде өзімді кәрі сезініп тұрмын», - дейді желі қолданушылары.  

Дұрыс жауабы. Бұл тапсырманы шешуге ағылшын тілін білу міндетті емес екен. Оң жақтағы геометриялық фигуралар сол жақтағы кескінге сай келеді. Тиісінше, бұл тапсырманы орындау үшін фигуралардың арасына сөздерді жазу қажет екен. Мәселен, pen сөзі бірінші тікбұрышпен байланыстыру қажет, себебі фигура визуал түрде сол сөзге ұқсас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары