$ 494.87  520.65  4.91

Күдебаев ұлының өлімі: күдікті ретінде танылған дәрігердің әйелі Тоқаевқа алғыс айтты (ВИДЕО)

Анестезиологты босатуға қатысты сот отырысы түнгі сағат 10-да өткен. Үйінен шақыртылған судья дәйектердің жеткіліксіздігіне байланысты алдыңғы шешімді бұзып, Тұңғышбаевты сот залдынан босатып жіберіпті.

Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты тұтқындалған екінші дәрігер де бостандыққа шықты. Сот Асқар Тұңғышбаевты әріптесінің ізін ала, яғни түнде босатып жіберді, деп жазады КТК арнасы. 

Дегенмен атышулы істе басты күдіктілердің бірі саналатын анестезиологқа, аурухана бастығы Қанат Тезекбаевқа қаладан кетуге рұқсат жоқ. 

«Күдікті Асқар Тұңғышбаевқа қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу және тиісті мінезқұлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Анестезиологты босатуға қатысты сот отырысы түнгі сағат 10-да өткен. Үйінен шақыртылған судья дәйектердің жеткіліксіздігіне байланысты алдыңғы шешімді бұзып, Тұңғышбаевты сот залдынан босатып жіберіпті. Алматы қалалық сотындағылар санкцияны өзгерту заңда қарастырылған, яғни мұнда таң қалатын жайт жоқ деп түсіндірді. Дегенмен атышулы істе екінші күдіктіге де қаладан кетуге рұқсат жоқ. Істің ақ-қарасы анықталмайынша, Тұңғышбаев пен Тезекбаев тәртіп сақшыларының сырттай бақылауында болады. 

Полиция департаменті басшысының баласының өліміне кінәлі деп айыпталған аурухана бас дәрігерінің қалай тұтқындалғандығы туралы әйелі Дина Тезекбаева бүгін журналистерді жинап айтып берді. Келіншектің айтуынша, тергеушілер 58 жастағы хирургті бастапқыда жай әңгімеге шақыртқан екен. Содан қолына кісен салып алып қалған. Күйеуіне тағылған айыппен келіспей, Ашық хат жолдаған әйел ақ халаттыларға араша түскен президентке алғысын білдірді.          

«Президент ҚасымЖомарт Тоқаевқа алғысым шексіз! Ашық хаттан соң жағдай бірден өзгерді. Қолдау білдірген күйеуімнің әріптестеріне де рахмет айтам. Біздің отбасы тағылған бұл айыптармен келіспейді. Сотта соңына дейін әділдік үшін күресетін боламыз», - деді Қанат Тезекбаевтің әйелі Дина Тезекбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігер