Индер ауданы, Есбол ауылынан алып сүйек табылды, деп жазады «Дендер» басылымы.
Әлеуметтік желідегі Ұзақбай Шахмет таратқан "УАЗ" автокөлігіне сүйеулі тұрған бұл алып тоқпан жілік көпті елең еткізді.
Сүйекті Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев Жайық өзенінен тауып алыпты. Салмағы 26 келі болса керек. Ал көлікке сүйеп қойғандығына қарағанда, ұзындығы - 1 метр шамасында.
Жалпы аудандық музейде осындай ірі мамонттың сүйектері қойылған. Бұл да сол дәуірдің жәдігері болуы мүмкін. Дегенмен, ол жағын мамандардың құзырына қалдыралық.