$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет қаражатына қол сұққан кінәлінің бас бостандығы шектелді

Мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. 

«БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы И.І.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген», - делінген сыбайлас жемқорлық агенттігі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.  

Биыл 26 қыркүйкте БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.І.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары