Жаңалықтар 27.09.2019 сағат 15:50

Балалар үйінің қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін бе? - Аружан Саин жауап берді

«Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қаншама отбасы бар. Балаға отбасылық бақыт сыйлаған олардың барлығына алғыс айтамын» - Аружан Саин.
Балалар үйінің қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін бе? - Аружан Саин жауап берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкілінің пікірінше, балалар үйі қызметкерлерінің ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өсіруде үлкен тәжірибесі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қаншама отбасы бар. Балаға отбасылық бақыт сыйлаған олардың барлығына алғыс айтам. Бізде отбасылардың 20 пайызы бала сүюді армандап жүр. Сондықтан, кейбір ерлі-зайыптылар балалар үйінен бала асырап алып, толыққанды отбасы болып отыр. Сол себепті бұл бағыттағы жұмысты ЮНИСЕФ-пен бірге жалғастырып, бала тәрбиелеп отырған отбасыларды оқытудың халықаралық тәжірибесін тартқым келеді. Қазақстанда жылына 350-500 отбасы бала асырап алады. Ал жылына 1500 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалады. Бұл дегеніңіз бір отбасы 3-5 баланы асырап алады деген сөз», - деді Аружан Саин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуына қарағанда, балалар үйінің қызметкерлері бұл ретте жұмыссыз қаламыз деп қорқатын көрінеді. 

«Біз оларға жылдар бойы айтып келеміз - қазіргі уақытта патронатты тәрбие деген бар. Ол бойынша бала асырап алған отбасыларға кәдімгідей айлық төленеді. Бала өскен сайын 35 мың теңгеден басталатын айлықтың мөлшері арта береді. Мен оларға балалар үйінің қызметкерлеріне «бір-екі баланы ала аласыз ғой» деймін. Айлық та алып отырып, тағы бір жерде жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Яғни, патронатты тәрбиеші бола отырып, қосымша жұмыс істей аласыз. Балалар үйінің қызметкерлерінде нақты тәжірибе бар. Мәселені осылай шешуге болады», - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар